“Менің құқығым - менің қауіпсіздігім” тақырыбында 6- сынып
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған онкүндік аясында “Менің құқығым - менің қауіпсіздігім” тақырыбында 6- сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушылар: - өз құқықтары мен міндеттерін таныды; - қауіпсіздік ережелерін талқылады; Балалар құқықтары, міндеттері және өзін қорғау жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Балалардың құқықтарын қорғау - жарқын болашаққа негіз! Өткізген сынып жетекші Зияшова А.Е.