Педагогикалық кеңес » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2019

Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес. № 3

1. Білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдары. /Асанова З.М./
2. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы.
3. 2-тоқсан бойынша оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы.

Білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдары.

Мақсаты: Білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдарын тәжірибемен бөлісу.
Барысы:
1.Мұғалімдер арасында психологиялық ахуал туғызу (3минут).

2.Мұғалімдерді «шашу» дәстүрі бойынша топқа бөлу. (3 минут)

3.Миға шабуыл: терминдердің сыңарын табу. (3 минут)

4.Негізгі бөлім: «Кілем» әдісі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісу.

• Жеке жұмыс - 5 мин.
• топппен жұмыс – 7 мин.


5. Презентация. Постерді қорғау.
6. Рефлексия: «Себет,ет тартқыш,чемодан» (3минут)

2-тоқсан бойынша оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы.

Бөкенші орта мектебінде І тоқсанның аяғында 92 оқушы оның ішінде 47 қыз есепке алынды. ІІ тоқсанның аяғында 91 оқушы, 47 қыз құрады.
Ауыруына байланысты үйде оқытылады 9-сыныпта Есенбекова Акерке.
Мектеп бойынша оқу үздігі 22 оқушы, 1 тоқсанда 21 оқушы болған, оқу екпінділері – 25 оқушы 1 тоқсанда 23 оқушы болды. Білім сапасы 60 пайыз. Үлгермеуші оқушы жоқ.
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес


Сынып бойынша білім көрсеткіштері 2018-2019 оқу жылы
Педагогикалық кеңес




Тақырыбы: «Ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқыту»
Мақсаты: Инклюзивті білім беру түсінігін ашу, ерекеше қажеттілігі бар балаларға білім беруде мұғалімнің ролін анықтау
Міндеттері: * Инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру;
* Инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіндіру;
* Инклюзивті оқытудың артықшылықтарын ашып көрсету;
Күтілетін нәтиже: Педагогтар инклюзивті білім беру туралы мәлімет жинайды, ерекше қажеттілігі бар балалар туралы түсінікке ие болады.
Инклюзивті білім беру бойынша өздерінің ой-пікірін білдіреді.
Кезеңдері Жұмыс мазмұны Мұғалімдердің іс-әрекеті Ресурстары
/3мин/ Топқа бөлу «Мен сені өз тобыма қалаймын, себебі...»
Топқа бөлмес бұрын көзі көрмейтін, екіншісінің аяғы жүрмейтін, үшін-шісінің құлағы есті-мейтін мүмкіндігі шектеулі жандардың бейнесіне енген 3 ұстаз таңдалынады. 1-5 саны бойынша саналып, 1 санын атаған әріптесім топ басшысы болып тағайындалды. Ендігі кезекте топ басшысы өз тобына мүшелерін жинайды. доп
Ой ашар /15 мин/ «Мүгедек балалардың мүшкіл халі»
Ұсынылған бейнежазба арқылы қатысушылар өз ойларын білдіреді. бейнежазба
Топпен жұмыс 1-топ «Инклюзивті оқытуда кездесетін кедергілер».
2-топ «Инклюзивті оқытудың тиімділігі»
3-топ «Инклюзивті оқытуға қалай қарайсыз? » Ватман қағазға постер құру және қорғау

Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес

Сергіту сәті:/5 мин/ «Үй, ергежейлілер» ойыны Қатысушылар 3ден бөлінеді, екі қатысушы қол ұстасып үй болады, ал бір қатысушы үйдің ортасында ергежейлі (гномик) болады. Осылай топтар Үй дегенде үйлер орын ауыстырады, ергежейлі дегенде ергежейлілер орын ауыстырады. Жел дегенде барлығы орын ауыстыру керек.
/2мин/ Теориялық бөлім. Инклюзивті білім берудің артықшылықтары туралы ой қозғайды.
/5мин/ «Білім баршаға ортақ» Ерекше қажеттілігі бар балалар білім алатын жалпы білім беретін мектептің макетін жасаңыз. Түрлі-түсті қағаз, пломастер, клей, қайшы, стикерлер.
/3мин/ Психологиялық кеңестер 1. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
2.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
3.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
4.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
5.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
6.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
7.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
8.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
9.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
10.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
11.Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз. презинтация
«Сөйлемді аяқта...» Кесте
• Инклюзивті оқыту барысында мүмкіндігі шектеулі жандар қандай да болмасын, өздерін ешкімнен ешқашан кем санамайды. Себебі.....
• Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдағы адамдардың барлығымен бірдей тең өмір сүруіне құқылы. Ойткені....
• Олар өз қатарларымен бірге жүре отырып, өмірдегі ең қызықты сәттерін бірге өткізуге лайықты. Себебі....
• Менің бүгінгі коучингтан ұққаным.....
• Мүмкіндігі шектеулі жандар ешкімнен кем емес, Өйткені....(дәлел айту)
• Бүгінгі коучтің маған берген әсері.... Бүгінгі семинар арқылы меңгерген білімі туралы қысқаша пікір. Тарқатпа материал
Кері байланс «Еттартқыш, қоқыс жәшігі, чемодан» Кімге ұнаса чемоданға өз пікірін стикерге жазып ілдіреді;
Кімге әлі толық түсінікті болмаса еттартқышқа пікірін стикерге жазып ілдіреді
Кімге мүлде ұнамаса қоқыс жәшігіне пікірін стикерге жазып ілдіреді Мясорубка, мусор шелек, чемодан суреті