ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ОҚУ ОРДАСЫ » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2018

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ОҚУ ОРДАСЫ





«Еліннің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай, менде өзімнің туған жерімнің иесі бола тұра, туған жерімнің түп тарихы жөнінде білуге тиіспін. Олай болса өзімнің туған жерім Бөкенші ауылының тарихын насихат етуді жөн көрдім.
Бөкенші ауылы Шығыс Қазақстан облысы , Семей қалалық әкімшілігіне қарасты ауыл, Жиенәлі ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Ертіс өзенінің сол жағалауында, орманды белдемде орналасқан. Іргесі ХІХ - ғасырдың 1 – жартысында қаланған. Бұрынғы қой кеңшарының орталығы негізінде акцион, қоғам, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
-1934 жылы «Жаңа жарыс» бөлімі болып аталған.
-1952 жылы «Құрама еңбек», «Жаңа жарыс» және тағы 3 бөлім бірігіп «М.И.Калинин» атындағы колхоз құрды.
-1964 жылы «Социалистік» қой совхозы болып құрылды.
-1996 жылы – Бөкенші ауылы болып аталатын болды.
Ауылда орта мектеп, клуб, дәрігерлік бөлімше және мешіт бар. Бөкенші ауылы арқылы Семей – Шаған автомобиль жолы өтеді. Бөкенші ауылының атауының шығу тегіне байланысты екі көзқарас бар. Соның бірі Молдабек Жанболатұлының 2004 жылы басылып шыққан "Тобықты – Шыңғыстау шежіресі" атты үш томдық еңбегінің бірінші томының 49 бетін дәлел етіп алуға болады. Онда «Шыңғыстауды мекендеп, екі дариядан (Ертіс, Балхаш) су ішуді мақсат еткен тобықтылар талай қиындықтарды көріп Ертіске жетіп біраз тыныстап, аялдайды. Сол жерде қайтыс болған Бөкенші батырды Әзіреті Сұлтанға апарып жерлеп келгенше бір – екі жыл еру болады. Бүгінде ол Бөкенші ауылы аталып келеді» деп көрсетілген.
Мектеп – халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар. Соның бір дәлелі Бөкенші аулындағы мектеп тарихы.
Ауылымыздың ардагер ұстаздары мен тұрғылықты қарт адамдарының айтуы бойынша 1934 жылы мектеп бастауыш мектебі болып ашылыпты. Мектеп ауылдағы «Ескі ауыл» деп аталатын жерде екі бөлмелі үйден болған . Арада алты жыл өтіп 1940 жылдары мектеп бір қабатты, «контромаркалы» ғимаратқа көшті. 1956 жылға дейін бастауы мектебі болып жұмыс жасады.
1957 жылы «Социалистік» совхоз құрылғанда ескі мектептің жанына бір қабат жаңа мектеп салынып, М.И.Калинин атында жетіжылдық мектепке ауысты.
1964 жылы сегізжылдық мектеп болды. Оқушылардың бәрі 9-10 сыныпты Шақаман мектебінде бітіріп отырды.
1968 жылы атауы М.И.Калинин атындағы Бөкенші жалпы орта мектебі болып аталып, онжылдық мектепке ауысты.
1969 жылы алғаш рет 19 мектеп түлектері қолдарына орта білім туралы аттестат алды. Мектепте оқу екі тілде жүргізілді.
1990 жылдан бастап мектеп атауы «Бөкенші орта мектебіне» ауысып, таза қазақ мектебі болды.
1991 жылы мектеп үш қабатты ғимаратқа ауысты.
2011 жылдан бастап – «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» ММ, 2013 жылдан бастап – «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ болып өзгертіліп , қазіргі таңда өз жұмысын екі қабатты ыңғайластырыл ғимаратта жасап келе жатыр.

Похожие публикации: