“ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ” » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2019

“ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ”

“ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ”

2018 жыл 5-қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Бұл жолғы Жолдау «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АТТЫРУ» деп аталып, ел дамуының басым бағыттары сараланып, алдағы уақытта атқарылуы керек негізгі 6 міндет белгілеп берді.
Жолдауда атап көрсетілген міндет бұл біздің мемлекетіміздің негізгі дамуының тетігі. Сондықтан баршамыз Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға жауаптымыз.
Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылдауды тапсырды. Жолдауда келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс деді!.
Мұғалім мамандығы – ежелден келе жатқан мамандықтардың бірі.
Бүгінгі күні мұғалім – тек қана білімді таратушы мамандық иесі емес, оның миссиясы – адамды адам, тұлға ретінде қалыптастыру. Мұғалімнің қоғамдағы орны әрдайым ерекше болған, өйткені ол жалпы білім берудің негізгі қағидаттарын иеленуші болып қала береді.
“ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ”

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында «Елді модернизациялау Стратегиясын жүзеге асырудағы табыстар, ең алдымен, Қазақстан халқының біліміне, әлеуметтік және жеке әл-ауқатына байланысты» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының педагогикалық үздіксіз білім беру тұжырымдамасында жаңа формациядағы педагогқа мынадай анықтама берілген: «Жаңа формациядағы мұғалім – бұл жоғары деңгейлі әдіскер, зерттеуші, әлеуметтік-жеке, коммуникативтік, ақпараттық-насихаттаумен
сипатталатын рухани-адамгершілік, азаматтық жауапкершілік, белсенді-жасампаз, экологиялық мәдениетті, шығармашылық, мәселерге жауап бере алатын, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлға». Осы тұжырымдамада айтылған анықтамаға сәйкес мұғалім мамандығына тек соттылығы мен психо норкологиялық анықтама ғана талап етілмей, мұғалімнің жеке мінез құлқы қатаң ескерілу керек. Өйткені қазіргі қоғамда кездесіп жатқан балабақша тәрбиешілері және мұғалімдердің дөрекі іс әрекеттері қоғамдық орталарда ішімдік ішіп отыруы сияқты өте оғаш іс әрекеттер және білімсіз педагог мұғалімнің мәртебесін мүлдем төмендетіп жіберді. Сондықтан мұғалімнің мәртебесін көтеру әлеуметтік кепілдіктермен емес, қатаң талаптармен көтеріледі деп есептеймін.