Жиенәлі ауылдық округының әкімі Б.Р.Айткожинмен кездесу
Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары мемлекеттік қызмет құндылықтарын және ерте кәсіптік бағдарлауды ілгерлету жөніндегі іс-шара жоспары бойынша Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Жиенәлі ауылдық округының әкімі Айтқожин Б.Р кездесті. Жалпы экскурсиялық сапарларды ұйымдастыра отырып, тағылымдама мен дәрістер жүргізілді. Кәсіптік бағдар беруші: Зияшова А.Е @elgeqyzmet.abai @elgeqyzmet.gov.kz