"Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында ақындар айтысы өткізілді » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 45-01-26
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » "Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында ақындар айтысы өткізілді
12
октябрь
2023

"Төрт тоқсан -төрт өнер" жобасы аясында ақындар айтысы өткізілді

12 қазан күні мектебімізде "Төрт тоқсан- төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жобаның аясында "Ауылым- алтын бесігім" тақырыбында оқушылар арасында  ақындар айтысы ұйымдастырылды. Мақсаты: бабаларымыздан мұра болып қалған төл өнерімізді дамыту, оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.  Іс- шара айтыс өнері,  түрлері туралы мәлімет берумен басталды. Айтысқа 3 жұп қатысты. Шымылдықты 9-сынып оқушысы Дакенов Алмас пен 10-сынып  оқушысы Жылқыайдар Малика ашты. 9-сынып оқушылары Айтқалиев Темірлан мен Несіпханов Абылай екінші болып өнерлерін көрсетсе, бастауыш сыныптан  3-сынып оқушылары Бағидолла Ерсұлтан мен Исмурат Сезім бақтарын сынады. Қатысушылар ауылдың алтын бесік, кіндік қаны тамған жерлерінен артық туған өлке жоқ екенін, ауылдарының көркейе, гүлдене берулерін жыр шумақтарына қосты.Ұйымдастырушы музыка пән мұғалімі Табиғат Берікболат

Похожие публикации:

01 февраль 2023 "Жыл мұғалімі-23"