24
февраль
2023
Екі жұлдыз ән байқауы
23.02.2023 ж. Апталықтың төртінші күні - "Екі жұлдыз" ән байқауы. Мақсаты: ән арқылы тіл үйрену, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Байқауға 7 жұп қатысты. Әр жұп еркін тақырыпта қазақ, орыс, ағылшын тілінде ән айтты. Жұптардың өнері көрсетуі жоғары деңгейде, көрермен көңілінен шықты. Байқау қорытындысы бойынша әр жұпқа тұрлі номинациялар берілді. "Шығармашыл жұп" — бастауыш сынып мұғалімі Ж. Е. Қарсыбекова мен 4-сынып оқушысы Төлеухан Мансур. "Стильді жұп" — музыка пәнінің мұғалімі Б. Табиғат пен 8-сынып оқушысы Дакенов Алмас. "Әдемі жұп" — қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А. Е. Зияшова мен 10-сынып оқушысы Сәбитова Сая. "Көрермен көзайымы" биология пәнінің мұғалімі А. С. Бутантаева мен 4-сынып оқушысы Қуатов Заңғар. "Талантты жұп" -ағылшын тілі пәнінің мүғалімі А. Х. Нашкенова мен 11-сынып оқушысы Медхатов Ильяр. "Тартымды жұп" -орыс тілі пәнінің мұғалімі А. С. Хасанова мен 5-сынып оқушысы Советханова Дильназ. "Жарасымды жұп" қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. Ж. Ныгыманова мен 7-сынып оқушысы Именшарова Динара.
