Іштей қарама-қайшылық. » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 45-01-26
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
13
декабрь
2018

Іштей қарама-қайшылық.

Іштей қарама-қайшылық.

Адамның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.
Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәтте ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып айналасындағысын сындырып,шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне тіл тигізуден таянбайды.Ал, адамның көңіл-күйі екінші бір жайсыз жағдайда болғанда да, мәселен қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен-өзі секемденіп сергелдені мол іштей қарама-қайшылыққа ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық афектілік күйге де түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп не қойғанын байқамай қалады.Сондықтан адам атаулы ол үлкен бе, жоқ әлде кіші ме бәрі бір, өзара қарым-қатынастарда ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл-күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадырата қайта жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екен естен шығармаған жөн.Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің-түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш қуатын сезіне бастайды. Бірте-бірте ол жаман көңіл-күйдің құлы болудан да құтыла алады. Өзінің барлық іс-әрекеттерін ашудан бұрын ақылға жеңдіретіндей жағдайға ауысады. Міне, дер кезінде жүргізілген психогигиенаның құдыреті мол, шарапаты да осы болса керек. Бүкіл ел болып мәдениетті тіршіліктің негіздеріне ұмтылса ғана өміріміз өркенді де көңілді болмақ. Керек десеңіз қоғамға қажет бақыт жолы да осы.