Ата – аналардың есіне! » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2019

Ата – аналардың есіне!

Ата – аналардың есіне!

1.Балаларыңызға оларды жақсы көретіндеріңізді жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар.
2.Неғұрлым жанұяңызбен бірге уақытыңызды жиі өткізіңіз, өткен күндерді талқылап, жанұялық ахуалды ақылдаса отырып, шешім қабылдаңыздар.
3.Балаңыздан ақыл сұраудан қорықпаңыз, бұл сіздердің араларыңызды жақындата түседі.
4.Балаңыздың достарын жақсы біліңіз.
5.Балаңызға тек ата – ана ғана емес, жанашыр досы да бола біліңіз.
6.Балаңызға әр уақытта үлгі бола біліңіз,есіңізде болсын, өз ата – анаңызды сыйлаңыз, ертең сізді де балаңыз сыйлайтын болады.
 Өз кемшілігіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.
7.Естеріңізде болсын, балаларыңыз үйге қонақ, ерте ме, кеш пе туған ұясынан ұшып кетеді. балаларыңыз туып өскен ұясын сағына еске алатындай, туған үйінің жылуын ұмытпайтындай болсын.
8.Мектепке жиі келіңіз. Атақты пдагог В.Сухомлинскийдің «отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар.