Аймақтық семинар » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2019

Аймақтық семинар

[center][/center]Үштілділік – заман талабы
Жуырда Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебінде «Тілдердің үштұғырлығы» кеңестігін құру жағдайында оқушылардың коммуникативтік – тілдік құзіреттілігін қалыптастыру» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Шақаман, Труксиб, Б.Исадилов атындағы орта мектептерінің оқу ісінің меңгерушілері, орыс және ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері шақырылды.
Семинардың мақсаты:
1.Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында үштілділікті дамыту ерекшеліктерін анықтау
2. Мектептегі Үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайы жайлы тәжірибе алмасу.
3.Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік – тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдерін зерттеу.
Семинар үштілдегі әнмен және биімен ашылып, мектеп директоры С.С.Карамурзинның кіріспе сөзімен басталды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Х.Нашкенова семинардың мақсаты, бағдарламасымен таныстырып, мектептегі 2015-2019 оқу жылдарға арналған үштілділікті дамыту кешенді жоспары аясындағы мектепте жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, SWOT талдау жасады.
Практикалық бөлімінде орыс тілі пәнінің мұғалімі З.М.Асанова 5-сыныпта «В. Голышкин «Вратарь» тақырыбында және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Х.Нашкенова 3 - сыныпта «By sea» тақырыбында ашық сабақтар берді.
Іс-шара коучингпен жалғасты. Коучингте З.М.Асанова өз тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс – тәсілдермен бөлісіп, іс жүзінде көрсетті.
Коучинг барысында қатысушылар үш тілділік бағдарламасының маңыздылығын, жүзеге асырудағы кедергілері мен перспективасын белсене талқылап, өз мектептеріндегі үштілділік аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, оң баға берді.

«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
З.М.Асанова, А.Х.Нашкенова