21
ноябрь
2023
"Ата -аналарды қолдау орталығы"
"Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында, ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларының ата- аналарына «Білімдіге дүние жарық. Таным қуанышы: “баланың қызығып оқу» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Танымдық сабақта ата-аналар баланың бейімделуіне назар аударып, қандай қолдау көрсете алатындығы жайлы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Бала тәрбиесіндегі атқарылатын жұмыстың барлығында отбасының, одан кейін мектептің алар орны бөлек екендігіне тоқталып, пікірлерін білдірді. Баланың қызыға оқуына көмектесетін әдіс-тәсілдер көрсетілді.Бастауыш сынып мұғалімдері Хасанова И.М. мен Қарсыбекова Ж.Е.