Ауыл олимпиядасы » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2023

Ауыл олимпиядасы


Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
 
 Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын барлық 9-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.
 
 Олимпиаданың I (бастапқы) кезеңіне ниет білдерген оқушылар www.аuyl.daryn.kz сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.
 
 
💬Олимпиада тәртібі бойынша, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады.
 
📚Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы; екінші (іріктеу) – желтоқсан айы; үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
 
 І кезең онлайн-платформада өтеді. Қорытынды бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың 35%-ы ІІ кезеңіне қатысады.
 
 ІІ кезеңнің тапсырмалары дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда шығарылады.
 
 III кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
 
 Жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 45% құрайды және ҚР ОАМ дипломдарымен марапатталады.
 
 I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.
 
 
💡Айта кетсек, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні республикамыздың әр ауылдық мектебінде бір мезетте өтпекші.



Республиканская олимпиада по общеобразовательным предметам 

для учащихся сельских школ.

В целях создания оптимальных условий для выявления развития и поддержки талантов и способностей учащихся школ сельской местности страны, отбора наиболее академически способных учащихся, их дальнейшего интеллектуального развития и профессиональной ориентации по прямому поручению Министра просвещения РК Бейсембаева Гани Бектаевича впервые стартовала республиканская олимпиада по общеобразовательным предметам для учащихся сельских школ.
 
 В олимпиаде примут участие все школьники 9-11(12) классов, обучающиеся последние два учебных года в сельских школах республики.
 
 Для участия всем желающим необходимо зарегистрироваться на сайте www.auyl.daryn.kz до 15 ноября.
 
 
💬Согласно правил проведения Олимпиады для сельских школ, с целью соблюдения академической академической честности, задания будут представлены каждому участнику индивидуально в электронном виде. На всех этапах олимпиады данные участников скрыты от жюри. После каждого тура отсканированные работы учащихся вывешиваются на сайте отделов образования, - рассказал директор РНПЦ «Дарын» Гаждембек Турсунов.
 
 
📚Олимпиада проводится в три этапа: первый этап (стартовый) – ноябрь месяц; второй (отборочный) – декабрь месяц; третий (республиканский) – январь месяц 2024 года.
 
 І этап пройдет на онлайн-платформе. По итогам 35% из общего числа участников, набравших наивысшие баллы, будут допущены к участию на ІІ этапе олимпиады.
 
 Задания ІІ этапа будут представлены на онлайн-платформе в виде традиционных олимпиадных заданий. Решения осуществляются на бумаге.
 
 На III этапе олимпиады принимают участие победители ІІ этапа. Все участники III этапа зачисляются в республиканскую заочную школу.
 
 Количество призеров составляет 45% от общего количества участников и награждаются дипломами МП РК.
 
 Обладатели дипломов I степени приглашаются на учебно-тренировочные сборы, которые пройдут в феврале 2024 года, для дальнейшего участия в заключительном этапе республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам.
 
 
💡Отметим, торжественная церемония открытия олимпиады пройдет 20 ноября одновременно во всех сельских школах страны.