Профориентациялық көмек - Букенчинская средняя общеобразовательная школа https://bukenchi.mektebi.kz/ ru Профориентациялық көмек - Букенчинская средняя общеобразовательная школа DataLife Engine Бұл қызық ! Жаңа мамандықтар тізімі. https://bukenchi.mektebi.kz/oushylara/proforientacijaly-kmek/128-bl-yzy-zhaa-mamandytar-tzm.html https://bukenchi.mektebi.kz/oushylara/proforientacijaly-kmek/128-bl-yzy-zhaa-mamandytar-tzm.html Заман мен ғаламның түрленуіне байланысты түрлі мамандықтар қатары да толығып, озығы дамып, тозығы жаңғырып келеді. Әр мамандықтың, әр қызметтің біз біле бермейтін қызыққа да, шыжыққа да толы қырлары болады.Қандай қызықты мамандық пен кәсіпті біле бермейміз? Етікшіден бастап ел басқарушыларға дейінгі аралықта мыңдаған маман иелері жүреді. ІТ-маманы, стилист, веб-дизайнер, мүсінші, мұғалім сияқты  үйреншікті мамандықтар қатарын толтыратын ең қызықты мамандықтарды  ұсынамыз.

Копирайтер. Бұл мамандық енді сіңісіп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, жаһанданудың жалпы үрдістері мен күнделікті маркетинг, менеджмент саласында ең қажеті болып отыр. HR және PR- менеджерлерді де осы қатарға жатқызуға болады.

Постижер. Бұл мамандықты меңгермес түгіл, естігеніміз сирек шығар. Бұл кәсіппен айналысатындар шаштан түрлі әшекейлер мен сәндік бұйымдарын әзірлеумен айналысады, мысалы: жабыстырып алатын сақал-мұрт, парик және т.б.

Жолаушыларды нығыздаушы. Қандай қызық болса да халық қарасы көп Қытайда осындай арнайы жұмыскер шыныменде бар.  Айтпаса да түсінікті сияқты, олар метро вагондарына мінген жолаушыларды жаныштап, ішіне итерумен айналысады. Әрине, жұмыстың барынша сақтықпен атқару талап етіледі. Олар вагон есіктерінің ашылып-жабылуы барысында ешкімнің жарақаттанып қалмауын да қадағалайды. Мұндай мамандарды Жапонияда «бас-бас» десе, АҚШ «пушер» деп атайды.

Пингвиндерді аударғыш. Бұндай мамандар маңайында пингвиндер тіршілік ететін әуежай орналасқан жерлерде еңбек етеді. Пингвиндер ұшқан ұшақтарды тамашалағанды жақсы көреді екен, шалқайғандары соншалық, арқасына құлап түседі де, өздігінен тұра алмайды. Бұл арқасына құлаған «ақ мамықты» мекен еткен құстық табиғи сипаты. Осы сәтте пингвиндерге «аударғыштары» келіп көмектеседі.

Лифт бикеші. Олардың міндетіне жеделсатымен жүретіндерге қайырлы күн, сәтті жол тілеу, лифт тоқтайтын қабаттарды хабарлау, қош-сәлем айтысу кіреді.

Ауа дегустаторы. Бұл қызықты маман көмегімен Жапонияда ауаның тазалығын тексереді. Ауа дегустаторы барлығын иіскеп, алынған мәліметтерді компьютерге жазып алады екен.

Аяқ киім түзеткіш. Аяқ киім дүкендеріне арнайы жұмысқа қабылданатын мұндай адамдар киіп, өлшем көрген соң басылып қалған өкшесін, шешіліп қалған бауын түзетіп, дұрыстап тұрумен айналысады.

Кейбір жиһаз салондарының иелері үшін иленіп қалған жастықтардың жағымсыз болатыны соншалық, жастықтарды түзеткіш ретінде арнайы адамды жұмысқа қабылдайды.

Клакер. Бір драматург 2,5 жыл жуық уақыт бұрын басқа драматургті ысқырықпен «ызылдатып», қуып салу үшін бір көрерменді жалдап алыпты, ал екінші  драматург одан да айлақорлау болған екен: толассыз қол соғып, шапалақтау үшін бірнеше көрерменге ақы төлепті. Сол уақыттан бастап жалданбалы көрермендер кәзір клакер деп аталады.

Кезекте тұрғыш. Кеңес Одағы кезінде бұл лауазымда жарты ставкада барлығы болған шығар, сірә. Бірақ, ресми статус тек Ұлыбританияда тағайындалды. Арнайы агенттік сағатына 30 фунт төлесең кез келген кезекте тұратын маман қызметін ұсынады.

Медицина саласы. Медицина тоқтаусыз жүретін сала. Үне­мі дамуды әрі жаңашылдықты талап етеді. Сырқаты күрделі аурулардың диагнозын тура та­бу, ота жасау, дәрі-дәрмек шы­ғару сынды медицинадағы жауапты міндетті орындауда жо­ғары білімді мамандар қажет. Ендеше, келешекке адам жанына қызмет ететін медицинадағы мамандықтар мыналар:

ІТ медик. 2020 жылы пайда болады. Бұл маман иелері диагностикалық аппараттар арқы­лы адамның физиологиялық мәліметтерін жасап шығарады. Жеке адамның денсаулық парағынан бастап барлық аурудың пайда болу себептерін мәліметтер базасына келтіреді.

Генетикалық кеңесші. Маман иесі бір реттік немесе жоспарлы генетикалық анализ жасайды. Науқастың еміне қа­рай емдеу ісінің сызбасын жүр­­гізеді. Мамандық вирусты-бакте­рия­лық аурулардың емін табуға жәрдем береді.

Киберпротез және имплантат жасаушы. Сал ауруына шалдыққан адамдарға жасанды ағза жасап, оны компьютерлік диагностикадан өткізе­тін маман иелері. Жасанды протездер барлық күрделі фун­к­цияларды атқаруға мүм­кіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласы. 2050 жылға қарай жер әлемде 2 миллиард адам азық-түлікке тәуелді болуы ықтимал. Сол себепті де ғалымдар келешекте ауыл шаруашылы­ғы саласы престиж мамандықтардың көшіне көтеріледі дегенді алға тартып отыр. Ал, жа­ңа технологиялар ауқымы кең атырапта жұмыс күшін аз пайдаланып, мол өнім алуды көздейді. Сондықтан да зерттеушілер таяу жылдары бірнеше жаңа мамандықтың ауыл шаруашылығы саласынан айналып өте алмайтынын жарыса айтуда. Соның бірнешеуіне тоқталайық.

Агроном-экономист. Жоғары білікті маман шығарылған өнімнің бәсекеге қабілет­ті­лігін және компанияның тәуе­кел қадамдары мен дағдарыс кезінде тығырықтан шығар жол табуына септесетін мамандық.

Сити-фермер. Ірі қалалардың әрі ғимараттарда өсім­діктер мен асыл тұқымды жан­уарлардың өсуіне мүмкіндік беретін мамандық. Агроөнер­кәсіптік кешеннің дамуына жағ­дай жасайтын мұндай орталық қызметі алғаш рет Сингапурда іске қосылған. Тәжі­ри­бені Оңтүстік Корея, Қытай, БАӘ, АҚШ, Франция елдері енгізбек.

ГМО-агроном. Ауыл шаруашылығында генетикалық түрлендірілген өнімдерді қолданатын маман иесі. Биотехнологияның жетістіктерін игеруде генетикалық модификацияланған организмдерді анықтайтын кәсіп түрі.

Агроинформатик. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру арқылы мә­ліметтер базасын жасайтын мамандық. 2020 жылдан бастап мамандықтар тізіміне қо­сылады.

Туризм және қонақ үйі саласы. Саяхат құрып, жиһан ке­зетіндер үшін туризмнің алар орны бөлек. Сонымен бірге іскерлік алаңды бизнес көзіне айналдырғандарға да қонақ үй ісінің бәсекеге сай болуы маңызды. Себебі сервистік қызметтер табыс табудың ең жылдам жолы. Келешекте мына мамандықтар да осы екі салаға бағытталған.

Робототехника консерьжі. Қонақ үй қызметіндегі роботтарды басқаратын маман. Бұл мамандықтар бүгінде Америка, Қытай, Жапония елдеріне жолға қойылған. Консерьж адамдармен байланыс орнатудың тиімді жолын білетін әрі жан-жақты қабілеті бар болуы керек.

Бренд-менеджер. Ерекше аумақтардағы мәдени шараларды виртуалды кеңістік толтыруға жауап беретін маман. Бұл мамандық иесі кез келген туристік қызметтегі шаралардың жарық, дыбыс, ақпараттық насихатталуына жауап береді. Қысқасы, көңіл көтеруге жағдай жасайтын универсал маман.

Менеджмент саласы. Менеджмент экономиканың бар­­лық салаларында кездеседі. Сонысымен де бір бағыттан екінші бағытқа қызмет ауыстырып кете береді. Болашақта менеджмент саласын өзгерістер күтіп тұр.

Тайм-боркер. Қызметкерлердің бос уақытын сататын маман иелері. Яғни саладағы мамандардың бос уақытын басқаратын маман. Қарапа­йым тілде айтсақ, офистегі ма­манның бос уақытын кеңседе өткізбеуіне жағдай жасау­шы және сол арқылы ақша табатын маман. Сонымен бірге тайм-брокер өзге елдердің клиенттерімен жұмыс жасайды.


Трендвотчер-форсайтер. Экономиканың әртүрлі секторындағы жаңа тенденцияларды бақылайтын маман. Саясат пен мәдениеттегі тұл­ғалардың, жалпы қоғамның жаңа дүниелерге көзқарасын есепке түсіретін мамандық.

Корпоративтік антрополог.  Бұл маман иесі ірі компаниялардағы инновациялық өнім­дерді антропологиялық тәсіл­дер арқылы анықтайтын адам. Бұл қызметті ІТ саласындағы компаниялар, әсіресе Intel мен Nokia компаниялары сәтті қолданып жүр.

Қаржы секторы. Қаржы айналымын реттейтін экономикадағы бұл салада еңбек ететіндердің де жалақысы жоғары. Бірақ, бұл қаржы қызметінен бастау алатындықтан ке­лешекте мамандықтар әлемінен бірте-бірте ығысып, жо­йы­лып кетеді. Себебі бүгінде қаржы нарығында краудфандинг пен краудинвестинг бағыттары өте қарқынды дамуда. Дегенмен бұл салада да бір­­неше жаңа мамандықтар бар.

Мультивалюталы аудармашы. Дәстүрлі, несиелік, баламалы валюталарға айырбастау жүйелерін ұйымдастыратын маман. Виртуалды валюталарды реттейді. 2014 жылғы мәліметке сүйенсек, әлемдегі биткоиндер айналымы шамамен 11 миллиард долларға же­тіп отыр.

Зейнетақы жоспарын әзірлеуші. Зейнетақы қорларына және басқа да қаржы құралдарына кіріс деңгейіне, кәсіптік қызметтің түріне, өмір салты мен кәрілік көзқарасына байланысты жеке инвестициялардың үлгісін әзірлейтін маман. Яғни зейнетке дейін қаржы жинауға жәрдем беретін мамандықтар.

Жеңіл өнеркәсіп саласы. 90-жылдары жеңіл өнеркәсіп эко­номиканың басты драйве­рі­не айналғаны рас. Дегенмен жаңа технологиялардың әсерімен бұл басты салалардың біріне ғана айналып кетті.

Техно-стилист. Киім-кешектегі жаңа гаджеттерді декоративті мақсатта жасайтын кәсіп иесі. Мысалы, арнайы киіммен жабдықталған егіз футболкаларды датчиктер арқылы смартфонға таратады, ал екіншісі – футболкалар виртуалды сенсорларды сезінеді. Бұл сауда әлі де алып нарыққа шыға қойған жоқ. Әйтсе де, қолға алса табысты еселейтін мамандық.

Электрондық рецептер программисі. ІТ мамандары дизайнерлік киім дизайндарын роботқа немесе 3Д принтерге арналған нұсқаулардың піші­міне аударады. Болашақта тұ­тынушы оларды пайдалана алады және  автоматтан­дырыл­ған студияда олар үшін өзде­рінің киімдерін “басып” шығарады немесе тігеді.

https://elana.kz/ сайтынан  алынған 




]]>
admin Fri, 04 Oct 2019 18:17:25 +0600
Мамандық таңдаудың жеті қадамы https://bukenchi.mektebi.kz/oushylara/proforientacijaly-kmek/127-mamandy-tadaudy-zhet-adamy.html https://bukenchi.mektebi.kz/oushylara/proforientacijaly-kmek/127-mamandy-tadaudy-zhet-adamy.html                           Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз 
           Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған  ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер  үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.
    Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.                    Екінші қадам:
  Дұрыс шешім өз қолыңызда
           Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
                 Үшінші қадам:
 Бейімділігіңізді ескеріңіз
          Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты. 
Төртінші қадам:
          Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
    Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған  мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
    Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.Бесінші қадам:
  Сұранысты да назар ұстаңыз 
     Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын  білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға  қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
   Мамандар не дейді?
    Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар. 
Жетінші қадам:
    Қорытынды шешім 
     Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз. 


Т р е н и н г 

Мақсаты:  Қатысып  отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
«Ассоциация» жаттығуы                                                                                                           Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады.  Ал мен бастаймын: “Емтихан...”
               Дембо  - Рубинштейн тәсілі бойынша  өзін - өзі бағалауды зерттеу. 

     Осы тәсіл денсаулық, қабілет, мінез және т.с.с бір қатар жеке қасиеттерді тікелей бағалауға негізделген. Төменде ұсынылған шкалаларға қараңыз. Өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Көп ойланбай жауап беруге тырысыңыз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз. 

Сандық көрсеткіш (орташа балл)


    •    45 балдан төмен    •    45 - 74    •    75 – 100Өз - өзін бағалау деңгейі    •    Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары    •    Өзін - өзі бағалау тепе - тең
Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз    •    Өзін - өзі бағалау аса жоғары
Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.














                                                



]]>
admin Mon, 23 Sep 2019 18:07:57 +0600