Бұл қызық ! Жаңа мамандықтар тізімі.
Заман мен ғаламның түрленуіне байланысты түрлі мамандықтар қатары да толығып, озығы дамып, тозығы жаңғырып келеді. Әр мамандықтың, әр қызметтің біз біле бермейтін қызыққа да, шыжыққа да толы қырлары болады.Қандай қызықты мамандық пен кәсіпті біле бермейміз? Етікшіден бастап ел басқарушыларға дейінгі аралықта мыңдаған маман иелері жүреді. ІТ-маманы, стилист, веб-дизайнер, мүсінші, мұғалім сияқты үйреншікті мамандықтар қатарын толтыратын ең қызықты мамандықтарды ұсынамыз.
Копирайтер. Бұл мамандық енді сіңісіп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа болғанымен, жаһанданудың жалпы үрдістері мен күнделікті маркетинг, менеджмент саласында ең қажеті болып отыр. HR және PR- менеджерлерді де осы қатарға жатқызуға болады.
Постижер. Бұл мамандықты меңгермес түгіл, естігеніміз сирек шығар. Бұл кәсіппен айналысатындар шаштан түрлі әшекейлер мен сәндік бұйымдарын әзірлеумен айналысады, мысалы: жабыстырып алатын сақал-мұрт, парик және т.б.
Жолаушыларды нығыздаушы. Қандай қызық болса да халық қарасы көп Қытайда осындай арнайы жұмыскер шыныменде бар. Айтпаса да түсінікті сияқты, олар метро вагондарына мінген жолаушыларды жаныштап, ішіне итерумен айналысады. Әрине, жұмыстың барынша сақтықпен атқару талап етіледі. Олар вагон есіктерінің ашылып-жабылуы барысында ешкімнің жарақаттанып қалмауын да қадағалайды. Мұндай мамандарды Жапонияда «бас-бас» десе, АҚШ «пушер» деп атайды.
Пингвиндерді аударғыш. Бұндай мамандар маңайында пингвиндер тіршілік ететін әуежай орналасқан жерлерде еңбек етеді. Пингвиндер ұшқан ұшақтарды тамашалағанды жақсы көреді екен, шалқайғандары соншалық, арқасына құлап түседі де, өздігінен тұра алмайды. Бұл арқасына құлаған «ақ мамықты» мекен еткен құстық табиғи сипаты. Осы сәтте пингвиндерге «аударғыштары» келіп көмектеседі.
Лифт бикеші. Олардың міндетіне жеделсатымен жүретіндерге қайырлы күн, сәтті жол тілеу, лифт тоқтайтын қабаттарды хабарлау, қош-сәлем айтысу кіреді.
Ауа дегустаторы. Бұл қызықты маман көмегімен Жапонияда ауаның тазалығын тексереді. Ауа дегустаторы барлығын иіскеп, алынған мәліметтерді компьютерге жазып алады екен.
Аяқ киім түзеткіш. Аяқ киім дүкендеріне арнайы жұмысқа қабылданатын мұндай адамдар киіп, өлшем көрген соң басылып қалған өкшесін, шешіліп қалған бауын түзетіп, дұрыстап тұрумен айналысады.
Кейбір жиһаз салондарының иелері үшін иленіп қалған жастықтардың жағымсыз болатыны соншалық, жастықтарды түзеткіш ретінде арнайы адамды жұмысқа қабылдайды.
Клакер. Бір драматург 2,5 жыл жуық уақыт бұрын басқа драматургті ысқырықпен «ызылдатып», қуып салу үшін бір көрерменді жалдап алыпты, ал екінші драматург одан да айлақорлау болған екен: толассыз қол соғып, шапалақтау үшін бірнеше көрерменге ақы төлепті. Сол уақыттан бастап жалданбалы көрермендер кәзір клакер деп аталады.
Кезекте тұрғыш. Кеңес Одағы кезінде бұл лауазымда жарты ставкада барлығы болған шығар, сірә. Бірақ, ресми статус тек Ұлыбританияда тағайындалды. Арнайы агенттік сағатына 30 фунт төлесең кез келген кезекте тұратын маман қызметін ұсынады.
Медицина саласы. Медицина тоқтаусыз жүретін сала. Үнемі дамуды әрі жаңашылдықты талап етеді. Сырқаты күрделі аурулардың диагнозын тура табу, ота жасау, дәрі-дәрмек шығару сынды медицинадағы жауапты міндетті орындауда жоғары білімді мамандар қажет. Ендеше, келешекке адам жанына қызмет ететін медицинадағы мамандықтар мыналар:
ІТ медик. 2020 жылы пайда болады. Бұл маман иелері диагностикалық аппараттар арқылы адамның физиологиялық мәліметтерін жасап шығарады. Жеке адамның денсаулық парағынан бастап барлық аурудың пайда болу себептерін мәліметтер базасына келтіреді.
Генетикалық кеңесші. Маман иесі бір реттік немесе жоспарлы генетикалық анализ жасайды. Науқастың еміне қарай емдеу ісінің сызбасын жүргізеді. Мамандық вирусты-бактериялық аурулардың емін табуға жәрдем береді.
Киберпротез және имплантат жасаушы. Сал ауруына шалдыққан адамдарға жасанды ағза жасап, оны компьютерлік диагностикадан өткізетін маман иелері. Жасанды протездер барлық күрделі функцияларды атқаруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласы. 2050 жылға қарай жер әлемде 2 миллиард адам азық-түлікке тәуелді болуы ықтимал. Сол себепті де ғалымдар келешекте ауыл шаруашылығы саласы престиж мамандықтардың көшіне көтеріледі дегенді алға тартып отыр. Ал, жаңа технологиялар ауқымы кең атырапта жұмыс күшін аз пайдаланып, мол өнім алуды көздейді. Сондықтан да зерттеушілер таяу жылдары бірнеше жаңа мамандықтың ауыл шаруашылығы саласынан айналып өте алмайтынын жарыса айтуда. Соның бірнешеуіне тоқталайық.
Агроном-экономист. Жоғары білікті маман шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және компанияның тәуекел қадамдары мен дағдарыс кезінде тығырықтан шығар жол табуына септесетін мамандық.
Сити-фермер. Ірі қалалардың әрі ғимараттарда өсімдіктер мен асыл тұқымды жануарлардың өсуіне мүмкіндік беретін мамандық. Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жағдай жасайтын мұндай орталық қызметі алғаш рет Сингапурда іске қосылған. Тәжірибені Оңтүстік Корея, Қытай, БАӘ, АҚШ, Франция елдері енгізбек.
ГМО-агроном. Ауыл шаруашылығында генетикалық түрлендірілген өнімдерді қолданатын маман иесі. Биотехнологияның жетістіктерін игеруде генетикалық модификацияланған организмдерді анықтайтын кәсіп түрі.
Агроинформатик. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру арқылы мәліметтер базасын жасайтын мамандық. 2020 жылдан бастап мамандықтар тізіміне қосылады.
Туризм және қонақ үйі саласы. Саяхат құрып, жиһан кезетіндер үшін туризмнің алар орны бөлек. Сонымен бірге іскерлік алаңды бизнес көзіне айналдырғандарға да қонақ домісінің бәсекеге сай болуы маңызды. Себебі сервистік қызметтер табыс табудың ең жылдам жолы. Келешекте мына мамандықтар да осы екі салаға бағытталған.
Робототехника консерьжі. Қонақ домқызметіндегі роботтарды басқаратын маман. Бұл мамандықтар бүгінде Америка, Қытай, Жапония елдеріне жолға қойылған. Консерьж адамдармен байланыс орнатудың тиімді жолын білетін әрі жан-жақты қабілеті бар болуы керек.
Бренд-менеджер. Ерекше аумақтардағы мәдени шараларды виртуалды кеңістік толтыруға жауап беретін маман. Бұл мамандық иесі кез келген туристік қызметтегі шаралардың жарық, дыбыс, ақпараттық насихатталуына жауап береді. Қысқасы, көңіл көтеруге жағдай жасайтын универсал маман.
Менеджмент саласы. Менеджмент экономиканың барлық салаларында кездеседі. Сонысымен де бір бағыттан екінші бағытқа қызмет ауыстырып кете береді. Болашақта менеджмент саласын өзгерістер күтіп тұр.
Тайм-боркер. Қызметкерлердің бос уақытын сататын маман иелері. Яғни саладағы мамандардың бос уақытын басқаратын маман. Қарапайым тілде айтсақ, офистегі маманның бос уақытын кеңседе өткізбеуіне жағдай жасаушы және сол арқылы ақша табатын маман. Сонымен бірге тайм-брокер өзге елдердің клиенттерімен жұмыс жасайды.
Трендвотчер-форсайтер. Экономиканың әртүрлі секторындағы жаңа тенденцияларды бақылайтын маман. Саясат пен мәдениеттегі тұлғалардың, жалпы қоғамның жаңа дүниелерге көзқарасын есепке түсіретін мамандық.
Корпоративтік антрополог. Бұл маман иесі ірі компаниялардағы инновациялық өнімдерді антропологиялық тәсілдер арқылы анықтайтын адам. Бұл қызметті ІТ саласындағы компаниялар, әсіресе Intel мен Nokia компаниялары сәтті қолданып жүр.
Қаржы секторы. Қаржы айналымын реттейтін экономикадағы бұл салада еңбек ететіндердің де жалақысы жоғары. Бірақ, бұл қаржы қызметінен бастау алатындықтан келешекте мамандықтар әлемінен бірте-бірте ығысып, жойылып кетеді. Себебі бүгінде қаржы нарығында краудфандинг пен краудинвестинг бағыттары өте қарқынды дамуда. Дегенмен бұл салада да бірнеше жаңа мамандықтар бар.
Мультивалюталы аудармашы. Дәстүрлі, несиелік, баламалы валюталарға айырбастау жүйелерін ұйымдастыратын маман. Виртуалды валюталарды реттейді. 2014 жылғы мәліметке сүйенсек, әлемдегі биткоиндер айналымы шамамен 11 миллиард долларға жетіп отыр.
Зейнетақы жоспарын әзірлеуші. Зейнетақы қорларына және басқа да қаржы құралдарына кіріс деңгейіне, кәсіптік қызметтің түріне, өмір салты мен кәрілік көзқарасына байланысты жеке инвестициялардың үлгісін әзірлейтін маман. Яғни зейнетке дейін қаржы жинауға жәрдем беретін мамандықтар.
Жеңіл өнеркәсіп саласы. 90-жылдары жеңіл өнеркәсіп экономиканың басты драйверіне айналғаны рас. Дегенмен жаңа технологиялардың әсерімен бұл басты салалардың біріне ғана айналып кетті.
Техно-стилист. Киім-кешектегі жаңа гаджеттерді декоративті мақсатта жасайтын кәсіп иесі. Мысалы, арнайы киіммен жабдықталған егіз футболкаларды датчиктер арқылы смартфонға таратады, ал екіншісі – футболкалар виртуалды сенсорларды сезінеді. Бұл сауда әлі де алып нарыққа шыға қойған жоқ. Әйтсе де, қолға алса табысты еселейтін мамандық.
Электрондық рецептер программисі. ІТ мамандары дизайнерлік киім дизайндарын роботқа немесе 3Д принтерге арналған нұсқаулардың пішіміне аударады. Болашақта тұтынушы оларды пайдалана алады және автоматтандырылған студияда олар үшін өздерінің киімдерін “басып” шығарады немесе тігеді.
https://elana.kz/ сайтынан алынған