Мамандық таңдау бойынша мектеп ішінде 9,10,11 сынып оқушылары арасында ай сайын сауалнама жүргізіліп отырады. Баланың қызығушылығы, ынтасы, болашаққа деген ұмтылысы жөнінде бірнеше сұрақтарға жауап берілді.
Мектеп кітапхана оқырмандары арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға даген қызығушылығын арттыру мақсатында "Буккроссинг" атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күш көрсетудің алдын алу мақсатында "Зорлық-зомбылықсыз әлем-біз бірге жетеміз!" тақырыбында 7-11 сыныптар арасында тренинг өткізілді.
"Бала құқығы-адам құқығы" республикалық онкүндік жоспары негізінде 8-10 сыныптар арасында "Құқығым бар" атты тақырыпта жазба жұмысы (эссе) алынды. Белсенділік танытқан оқушыларға рақмет айтамыз.
Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша "Мен - мамандық әлемінде" тақырыбында түрлі мамандыққа байланысты жаттығулар жұмысы мектеп бұрышында ілінді. Сұрақтардың жауабын тауып, қызығушылықтарын жеткізген сыныптар: 5 -11 Мектеп: " Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі" КММ