01
март
2023
Бастауыш сыныптарда ашык есік күн өтті
01.03.2023 жылы бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен ата-ананың мектептегі бір күні аясында "Баланың бас ұстазы -ата-ана" тақырыбында ашық есік күн ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдері сабақтар өткізді.Сабаққа ата-аналар қатысты.Содан кейін ата-аналармен мектеп психологы Ж.Е. Карсыбекова "Баланың бас ұстазы -ата-ана" деген тақырыпта тренинг өткізді.Тренинг барысында сұрақтар қойылды, тапсырмалар орындалды.Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Табиғат Берікболаттың нұсқаулығым ата -аналар тұмар жасап,балаларына тілек айтып, сыйлық ретінде табыстады. Оқушылар ата-аналарына алғыс білдірді.