Мероприятие » Страница 4 » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 45-01-26
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
4-8 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
18
ноябрь
2024
4-8 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
  Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес  4-8 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі.   Олимпиада негізгі пәндер бойынша өткізіледі. Олимпиадаға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларға диплом табысталды.
"Қыз өссе елдің көркі" қыздармен жұмыс
14
ноябрь
2024
"Қыз өссе елдің көркі" қыздармен жұмыс
Облыстық бірыңғай психологиялық қызмет апталығының жоспарына сәйкес "Қыз өссе елдің көркі"  5-11-сынып қыз балаларға арналған психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие беру жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық білім нәрімен сусындаған, жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру. Тренингте "Көпір"  жаттығуы, "Қазіргі замандағы қазақ қызы" топтық жұмыс,  "Аяқталмаған сөйлем" жаттығуы
"Адалдық күні"
12
ноябрь
2024
"Адалдық күні"
"Адал ұрпақ" клубының жоспарына сәйкес  мектебімізде "Адалдық дүкені" өз жұмысын бастады. «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.
"Ұлттық валюта-теңге күні"
11
ноябрь
2024
"Ұлттық валюта-теңге күні"
11.11.2024 жыл 2-сынып. Сынып сағатының тақырыбы: "Ұлттық валюта-теңге күні". ҚС:"Жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктері". Сабақ мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.
Оқушыларымыз Айткеш Абайұлы Ибраевтың 100 жылдығына арналған аймақтық әскери- спорттық ойындарға қатысты
28
октябрь
2024
Оқушыларымыз Айткеш Абайұлы Ибраевтың 100 жылдығына арналған аймақтық
11 қазанда мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларынан құралған команда Новобаженово ауылындағы А.Ибраев мектебінің ұйымдастыруымен өткен Кеңес Одағының Батыры Айткеш Абайұлы Ибраевтың 100 жылдығына арналған аймақтық әскери- спорттық ойындарға қатысты. Қорытынды бойынша: 🥈”Шалқалап жатып денені көтеруден” - 11-сынып оқушысы Жылқыайдарова Малика II орын иеленді. 🥈”Пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден” - 10-сынып оқушысы Несипханов Абылай II орын алды. 🥉”Кермеде тартылудан” - 10-сынып оқушысы
"Атамекен"  бірыңғай диктант
24
октябрь
2024
"Атамекен" бірыңғай диктант
Мектебіміздің оқушылары Республика күніне арналған "Атамекен" тақырыбында бірыңғай жаппай диктан жазды. Диктанттың басты мақсаты - Республика күні қарсаңында мектеп оқушыларының патриоттық дүниетанымын кеңейтіп, сауаттылық деңгейін арттыру. Барлық сынып оқушылары толық қатысты.
“Қазақстанның болашағы жарқын ба ?” тақырыбында дебат өтті
23
октябрь
2024
“Қазақстанның болашағы жарқын ба ?” тақырыбында дебат өтті
Республика күні қарсаңында мектебіміздің “Парасат” дебат клубының жетекшісі Зияшова Айшаның ұйымдастыруымен “Қазақстанның болашағы жарқын ба ?” Тақырыбында 5,6,8 - сынып оқушылары арасында 2 фракциядан құрылған дебат өткізілді. Оқушылар берілген қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айқын жеткізе алды. Нәтиже қорытындыланып, белсенді оқушылар марапатталды.  1-орын : “Барыс” тобы 5 - сынып оқушылары: Сәулебек Сымбат, Мұратқызы Ақнұр 2-орын: “Алаш” тобы 8- сынып оқушылары: Серікбекова