Бізде мейрам, мереке » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 45-01-26
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2019

Бізде мейрам, мереке


Желтоқсан айының 11 жұлдызында Бөкенші орта мектебінде күрес залының ашылу салтанаты өтті. Бұл, біз үшін үлкен мейрам. Бізді осындай қуанышымызбен құттықтауға облс және қала қонақтары келді. Олардың ішінде облстық маслихат депутаты Құрманбаев Марат, қалалық маслихат депутаты Қайырбеков Нұрғазы,  Қ.Р. еңбегі сіңген жаттықтырушылар, спорт шеберлері  Көшкінов Мерей, Шаяхметов Аманбек, Тұрашов Дәулет, Шаяхметов Ғабит, Байжұманов Сарсен, Жантасов Ержан ағаларымызбен бірге Қазақстан Барысы 2014 жылдың Жеңімпазы Тұрсынов Мұхитта келді. Біздің жас спортшыларымыз өздерінің аға буынға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.  Қарсыласын қансонардағы қырандай іліп, жауырыны жерге тимеген балуандарымыз мектебіміздің білім алушыларына алдағы күнге сәттілік, жеңіс және тек биік шыңдардан көрінулерін тіледі.


Похожие публикации:

18 ноябрь 2019 Бізде қонақта
28 сентябрь 2019 Мамандармен кездесу