18
январь
2024
"Олар да мектепте оқыды "студенттермен кездесу кеші өтті
Кездесуге осы мектепте оқып білім алған қазіргі уақытта әртүрлі салада білім алып жатқан болашақ маман иелері шақырылды. Сонымен бірге бұл кездесуге 8-11 оқушылары қатысты. Бұндағы мақсат болашақ бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесу өте қызықты өтті. Студенттер түрлі сұрақтарға жауап берді, берілген жағдаяттардан шығужолдарын іздестірді. Қазіргі студент болып жүрген жастар өз ойларын ортаға салды және оқушыларға апайлық ағалық ақыл кеңестерін берді. 3-сынып оқушысы Исмурат Сезім орындап жүрген тамаша бір әнін тарту етті. Студенттермен көңілді ойындар ойнатылып, түрлі сауалнамалар алынды, жағдаяттық сұрақтарға жауап алынды. Кеш соңында студенттер естелік кітабына өздерінің тілектерін жазып қалдырды. Барлығы бірге естелік фотоға түсті.