Біз туралы » Страница 6 » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әскери-спорттық сайыс
16
февраль
2023
Әскери-спорттық сайыс
15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Бөкенші ЖОББМ де 8-11 сынып аралығында "Ауғанның отты жылдары" атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие мен жауапкершілікке дәріптейтін тамаша іс-шара қызықты өтті, жеңімпаз командалар арнайы грамоталармен марапатталды. Жауапты АӘД мұғалімі Абдраслов Е.Ж.
Ауған соғысының интернационалист- жауынгерлері жайлы мағлұматпен танысу
16
февраль
2023
Ауған соғысының интернационалист- жауынгерлері жайлы мағлұматпен
6,7-сынып оқушыларымен Ауған соғысының интернационалист- жауынгерлері жайлы мағлұматпен таныстыру жұмысы ұйымдастырылды. Сынып жетекші Ныгыманова К. Ж  2-сыныпта "Ауған соғысы"тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақта оқушыларға "Ауған соғысы" туралы ақпараттар берілді және мектептегі мұрайжайға барып өзіміздің ауылымыздан ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернациолист ағаларымызбен танысты.Сынып жетекші Г.Е.Жумагелдинова
Кітапханаға кітап сыйла
15
февраль
2023
Кітапханаға кітап сыйла
Кітап дегеніміз - алдынғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиет."Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" Ғабит Мүсірепов. Мектеп кітапханасында “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы өттуде. Акция 14 - 28 ақпанға дейін жалғасады. 
Ұлдар арасында мектепішілік қол күрес сайысы
15
февраль
2023
Ұлдар арасында мектепішілік қол күрес сайысы
"Қазақ әскерінің Тәжік - Ауған шекарасынан шығуына 22 жыл" және 15 ақпан "Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл" толуына орай ұлдар арасында мектепішілік қол күрес сайысы өтті. 3-4 сыныптар арасында Исмұрат Бекжан, 5-7 сыныптар арасында Орынбасар Жайдар , 8-11 сыныптар арасында Махмутов Бекжан жеңіске жетті. Жауапты: Муздыбаев А.К. 
Қазақ әскерінің Тәжік - Ауған шекарасынан шығуына 22 жыл
13
февраль
2023
Қазақ әскерінің Тәжік - Ауған шекарасынан шығуына 22 жыл
8 ақпан "Қазақ әскерінің Тәжік - Ауған шекарасынан шығуына 22 жыл" және 15 ақпан "Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл" толуына орай мектепшілік әскери - патриоттық онкүндіктің жоспары бойынша мектебімізде мектеп түлегі, қазір Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының студенті Қабылтай Ертаймен кездесу өткізілді. Алдымен Мәлік Ғабдуллин өмір жолы жөнінде деректер айтылып, кезекті қазіргі Көкшетау қаласындағы академиямен толық таныстырылу жүргізілді. Кездесуге
"Дебат пікірсайыс алаңы"
02
февраль
2023
"Дебат пікірсайыс алаңы"
"Дебат пікірсайыс алаңы" "Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Кезекті дебат клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен пікірсайыс өткізілді. Дебат турниріне 4 фракция, соның ішінде 5 сынып және 7,8 сынып оқушылары белсене қатысты. Тақырыбы: 1. Бұл палата үйде оқиға тыйым салады. 2. Бұл палата өндіру барысында зардап келтірілген немесе өлтірілген жануарлардың суреттерін дайын өнімдер қаптамасына қоюға компанияларды міндеттейді. Дебат мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп
"Жыл мұғалімі-23"
01
февраль
2023
"Жыл мұғалімі-23"
27.01.2023 жылы мектебімізде "Жыл мұғалімі-23" атты мұғалімдер сайысы өтті. Сайыс төрт турдан турды. Сайысқа 7 мұғалім қатысып, өздерін жан-жақты екенін көрсете білді. Сайыс нәтижесінде Бас жүлде-физика пән мұғалімі Муратова Перизат Муратовна, 1 орын- бастауыш сынып мұғалімі Қарсыбекова Жадыра Ермековна, 2 орын-Ныгыманова Қарлығаш Жеңістікқызы, 3-орын - география пән мұғалімі Маликов Нуржан Махмұтұлы иеленді. Құттықтаймыз!!! 
Ата-аналар жиналысы
01
февраль
2023
Ата-аналар жиналысы
24.01.2023 жылы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында I жарты жылдық оқу үлгерімі, қорытынды аттестаттау, ҰБТ дайындық, құқық бұзушылықтың алдын алу ,электрондық темекінің зияны, кәсіптік бағдар беру тақырыптары қаралды 
Электрондық темекінің зияны
01
февраль
2023
Электрондық темекінің зияны
Мектеп медбикесі Искакова А.Қ. мен мектеп психологы Қарсыбекова Ж.Е. 8-11 сынып ұлдар арасында электрондық темекінің зияны туралы әңгіме жүргізді. 
Апталық
09
январь
2023
Апталық
Жаратылыстану пән бірлестігінің «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» атты апталық барысында 11 сынып оқушылармен "Тарих ғасырлар куәсі" атты сыныптан тыс тарихи танымдық сайысы өтті. Пән мұғалімі Б.А.Танбаева