8- наурыз мерекесі қарсанында 1-2 сынып қыздары арасында "Еркеайым" сайысы өтті. Қыздарымыз жоғары дәрежеде дайындалған. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені 2-сынып оқушысы Айтқожина Айзере жеңіп алды. Құттықтаймыз! Барлық ата-аналарға рахмет !Көктем мерекесі құтты болсын!
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп кітапханасында "Ұлы даланың аңыз аналары" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы: Султанова Ж.А.
Алғыс айту күні құтты болсын! Барлық турақты оқырмандарыма , ‘Кітапханаға кітап сыйла’ акциясына қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғысымды білдіремін. Шынайы сыйлаған кітап жаңа оқырманын тапсын. #алғысымызшексіз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!! Абай танушы Қайым Мұхамедхановты еске алуға арналған 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Абай облысының көктемгі чемпионатында мектебіміздің оқушылары 1 орынға ие болды.