Апталық аясында
21.02.2023 ж. Апталықтың екінші күні -"Ой мен ойын" сайысы. Мақсаты: тіл мен спорт ойындарын ұштастыра отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, тілдік білімдерін толықтыру. Сайысқа 3 топ қатысты.Екі топ оқушылардың құрама топтары және бір топ мұғалімдер тобы.Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Сайыс барысында топтар кедергілерден өтіп,үш тілде берілген әртүрлі тапсырмаларды орындады. Сайыс қорытындысы бойынша "Самғау" мұғалімдер тобы мен "Қыран" тобы тең түсіп, І орын алса, "Тұлпар" тобы ІІ орын алды.