Жаңасемей ауданына қарасты мектептердің арасында волейболдан жарыс өтті » Букенчинская средняя общеобразовательная школа
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 45-01-26
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңасемей ауданына қарасты мектептердің арасында волейболдан жарыс өтті
18
октябрь
2024

Жаңасемей ауданына қарасты мектептердің арасында волейболдан жарыс өтті

Қазан айының 16-18 аралығында Бөкенші ЖОББМ спорт залында волейболдан ҰМЛ (ұлттық мектеп лига) ойындары өтті. Бұл жарысқа Жаңасемей ауданына қарасты мектептердің құрама командалары қатысты. Жарысты ұйымдастырушы Бөкенші ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары басшылық жасап өткізді. Жарыс қорытындысы мынадай.
16-17 қазан қыздар командалар арасында өтті 
5-6 сынып қыздары арасында өткен жарыстың қорытындысы 
1 -орын. Приречное ЖОББМ  ,  2-орын. Түрксіб ЖОББМ ,3-орын. Шақаман ЖОББМ
7-8 сынып қыздары арасында  1-орын. Түрксіб ЖОББМ, 2-орын. Шулбі ЖОББМ, 3-орын. Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ
9-11 қыздары арасында  1-орын. Шақаман ЖОББМ,,2-орын. Знаменка ЖОББМ, 3-орын. Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ
         18 қазанда ұлдар арасында волейболдан ҰМЛ өтті. Жарыс 9-11 сынып ұлдары арасында өтті.
Жарыста 1-орын Шақаман ЖОББМ, 2-орын Бөкенші ЖОББМ, 3-орын Шүлбі ЖОББМ командалары иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтаймыз!
     Бұл ұлттық мектеп лигасының 2-кезеңі болып саналады. Жеңімпаз командалар 3-ші кезеңге жолдама алды. Жолдаманы мына мектептер алды: 5-6 сынып қыздар Приречное ЖОББМ командасы. 5-6 ұлдар Бөкенші ЖОББМ командасы. 7-8 қыздар Түріксіб ЖОББМ командасы. 7-8 ұлдар Знаменка ЖОББМ командасы. 9-11 сынып қыздар ШақаманЖОББМ командасы. 9-11 сынып ұлдар Шақаман ЖОББМ командасы. 3-кезең Облыстық ҰМЛ ойындары болып есептеледі.