14
февраль
2024
«Ең үздік бірлестік- 2024» байқауы

Мақсаты: Ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқауға мектебіміздің 3 бірлестігі қатысты. Гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің ӘБ «САМҒАУ» тобы, жаратылыстану – политехникалық пәндер мұғалімдерінің ӘБ «Жерұйық» тобы, бастауыш сынып бірлестігі «Бастау» тобы.
Байқау екі кезеңнен тұрды.
Сырттай кезең: бірлестік құжаттарын,портфолиосын сараптау
Ішкі кезең 3 бөлімді қамтыды.
«Визиттік карточка» /Таныстыру/
«Үздіксіз білімге сапар» /Бірлестіктің өзекті проблемасын қорғау/
«Бір бірлестік- бір шығарма- бір қойылым» /Сахналық қойылым /
Бірлестік мүшелері байқауға жоғары дайындықпен келген. Көреремендерге «Бір бірлестік- бір шығарма- бір қойылым» бөлімі қатты ұнады.Сайыс өз мақсатына жетті.
Әділқазы алқасының бағалауының нәтижесінде І орын «Самғау» тобы, ІІ орын «Бастау» тобы, ІІІ орын «Жерұйық» тобы иеленді. Байқауға мектептің кәсіподақ ұйымы демеушілік етіп, қатысушыларға сыйақы берілді.